ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР - ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ - TECHNICAL SCIENCE · ӘОЖ 621.391 · Қазақша
Python бағдарламалау тілі негізінде радиосигналдарды цифрлық өңдеу және шуылдан тазарту әдістерін зерттеу
Аңдатпа
Бұл мақалада радиосигналдарды цифрлық өңдеу және оларды әртүрлі кедергілерден (шуылдардан) тазарту әдістері қарастырылған. Зерттеу Python бағдарламалау тілі және оның ғылыми кітапханалары (NumPy, SciPy, Matplotlib, Pandas) негізінде жүргізілді. Жұмыс барысында таза синтетикалық сигнал құрылып, оған төрт түрлі кедергі енгізілді: ақ гаусстық шу (AWGN), импульстік шу, 50 Гц электр желісінің кедергісі және аралас кедергі. Оларды сүзгілеу үшін жеті түрлі әдіс (Жылжымалы орташа, Баттерворт, Медиана, Савицкий-Голей, Винер, Notch және құрама сүзгі) қолданылды. Бағдарлама автоматты түрде әрбір кедергі түрі үшін Сигнал-Шуыл қатынасы (SNR) ең жоғары әдісті таңдайды. Зерттеу нәтижелері кедергінің табиғатына байланысты сүзгілердің тиімділігі әртүрлі болатынын көрсетті. Мысалы, AWGN шуы үшін Баттерворт сүзгісі, импульстік шу үшін Медиана сүзгісі, ал 50 Гц кедергі үшін Notch сүзгісі ең тиімді болып табылды. Сонымен қатар, аралас кедергілер жағдайында құрама (Notch+Median+Butterworth) сүзгісі ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жұмыс сигналдың табиғатына қарай сүзгіні автоматты түрде таңдау тәсілінің модельдік жағдайда тиімді екенін көрсетеді.
Түйін сөздер: Радиосигнал, цифрлық өңдеу, шуылдан тазарту, Python, AWGN, Баттерворт сүзгісі, Медиана сүзгісі, Notch сүзгісі, Сигнал-Шуыл қатынасы (SNR), MSE
Әдебиеттер тізімі
- Юсупова А.О., Бектасова А.А., Уразалимова Д.С. және т.б. Сигналдарды өңдеудің теориялық негіздері: оқу құралы. – Павлодар: Toraigyrov University, 2022. – 105 б.
- Türkler L., Akkan L.Ö. Noise Reduction Techniques for Sensor Data: Comparative Analysis of Kalman, Butterworth, Savitzky-Golay, Median, and Moving Average Filters for UWB-Based Position Estimation // Celal Bayar University Journal of Science. – 2025. – Vol. 21, No. 4. – P. 146–159. – DOI: 10.18466/cbayarfbe.1682594.
- Esakkirajan S., Veerakumar T., Subudhi B.N. Digital Signal Processing: Illustration Using Python. – Singapore: Springer Nature, 2024. – 535 p.
- Downey A.B. Think DSP: Digital Signal Processing in Python. – Open Textbook Library, 2016. – 163 p.
- Procesamiento Digital de Señales: Un enfoque computacional (NumPy y SciPy). – Zenodo, 2026. – DOI: 10.5281/zenodo.23033810.
- Jayant H.K., Rana K.P.S., Kumar V. et al. Efficient IIR notch filter design using Minimax optimization for 50Hz noise suppression in ECG // IEEE Xplore. – 2015.
- Rahmatillah A., Ataulkarim. IIR digital filter design for powerline noise cancellation of ECG signal using Arduino platform // Scholar Archive. – 2017.
- Design of a Precision Twin-T Notch Filter for 50Hz Noise Suppression // IEEE Conference Proceedings. – 2025.
Дәйексөз келтіру үлгісі
Базарбаева А.Д. Python бағдарламалау тілі негізінде радиосигналдарды цифрлық өңдеу және шуылдан тазарту әдістерін зерттеу // Central Asian Scientific Journal. – 2026. – №4(32), Т. 2. – Б. 587–594.
CC BY 4.0 Мақала CC BY 4.0 лицензиясы бойынша ашық қолжетімді: оны авторлары мен мақалаға сілтеме көрсетіле отырып еркін оқуға, көшіруге және таратуға болады. Лицензия туралы толығырақ