Конференция баяндамасы · Педагогика, психология және білім беру · Қазақша
Көлік колледжі студенттеріне кәсіби ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері
Аңдатпа
Мақалада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ көлік мамандарына кәсіби ағылшын тілін оқытудың маңызы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көлік колледжі студенттерінің кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістерін сипаттау. Материалдарды талдау, әдістемелік салыстыру және оқу тапсырларын құрастыру тәсілдері негізге алынды. Коммуникативтік, жобалық және саралап оқыту әдістерін цифрлық ресурстармен ұштастыру студенттердің кәсіби сөздік қорын меңгеруіне және мамандыққа қатысты жағдаяттарда ағылшын тілін қолдануына жағдай жасайтыны көрсетілді.
Түйін сөздер: кәсіби ағылшын тілі, көлік мамандығы, колледж, коммуникативтік құзыреттілік, жобалық оқыту, цифрлық технологиялар, кәсіби білім беру
Дәйексөз келтіру үлгісі
Қасымова А.В. Көлік колледжі студенттеріне кәсіби ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері // «Орталық Азия ғылымы мен білімі: цифрлық трансформация және тұрақты даму» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (CASJ-2026). — 2026. — С. 30–32. — URL: https://cajournal.kz/conf-paper.php?id=18