Конференция баяндамасы · Жас зерттеушілер: студенттік секция (бакалавриат, магистратура) · Қазақша
Химиялық есептерді шығаруда цифрлық платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану
Аңдатпа
Мақалада орта мектепте химиялық есептерді шығару процесін цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялау әдістемесі қарастырылған. PhET Interactive Simulations, WolframAlpha, Chemix сияқты цифрлық платформалар мен үлкен тілдік модельдерді (LLM) есептерде қолдану алгоритмдері негізделген. Оқушылардың химиялық сауаттылығы мен есеп шығару дағдыларын 38%-ға арттыруды дәлелдейтін педагогикалық эксперимент нәтижелері талданып, методологиялық ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер: химиялық есептер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект, PhET симуляциялары, WolframAlpha, STEM-білім беру, педагогикалық әдістеме
Дәйексөз келтіру үлгісі
Әділхан Ж. Химиялық есептерді шығаруда цифрлық платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану // «Орталық Азия ғылымы мен білімі: цифрлық трансформация және тұрақты даму» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (CASJ-2026). — 2026. — С. 34–36. — URL: https://cajournal.kz/conf-paper.php?id=7