ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР - СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ - SOCIAL SCIENCES AND HUMANITIES · УДК 316.7 · Қазақша
Жастардың құндылықтық бағдарлары: қазіргі студенттердің өмірлік басымдықтары мен идеалдары
Аннотация
Мақалада қазіргі студент жастардың құндылықтық бағдарлары, өмірлік басымдықтары мен идеалдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – студенттер үшін отбасы, білім мен мансап, материалдық тұрақтылық, рухани құндылықтар және жеке еркіндіктің арақатынасын анықтау. Зерттеу барысында 84 респондент қатысқан сауалнама нәтижелері сипаттамалық әдіспен талданды. Нәтижелер бойынша респонденттердің 60,7%-ы қазіргі өмірдегі ең маңызды құндылық ретінде отбасын атаған. Өмірлік мақсат ретінде 45,2% өзін-өзі дамыту мен еркін өмір сүруді, 34,5% жақсы білім алып, табысты маман болуды, 9,5% қаржылық тәуелсіздікті таңдаған. Әлеуметтік желілердің ықпалына қатысты жауаптар олардың жастар құндылықтарына әсері біржақты емес екенін көрсетті. Зерттеу қазіргі студенттердің дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, жеке даму, еркіндік және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға да жоғары мән беретінін көрсетті.
Список литературы
- Schwartz S. H. An Overview of the Schwartz Theory of Basic Values // Online Readings in Psychology and Culture. – 2012. – Vol. 2, No. 1.
- Inglehart R., Welzel C. Modernization, Cultural Change, and Democracy: The Human Development Sequence. – Cambridge: Cambridge University Press, 2005.
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы. – 2015 жылғы 9 ақпан, №285-V ҚРЗ.
- Зерттеу авторларының 84 респондент арасында жүргізген сауалнамасы. – Google Forms, 2026
Как цитировать
Сырымбай М., Жақсыбек З., Сидғұл Д., Амангелді Д., Нұрғали А. Жастардың құндылықтық бағдарлары: қазіргі студенттердің өмірлік басымдықтары мен идеалдары // Central Asian Scientific Journal. – 2026. – №4(32), Т. 2. – Б. 769–772.
CC BY 4.0 Статья в открытом доступе по лицензии CC BY 4.0: её можно свободно читать, копировать и распространять с указанием авторов и ссылки на статью. Подробнее о лицензии