Central Asian
Scientific
Journal

Доклад конференции · Социально-гуманитарные науки · Қазақша

Қазақстан қоғамындағы мәдени институттардың рухани даму мен құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі

  • Нургазина Айя Муратовна Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Казақстан
Конференция
Наука и образование Центральной Азии: цифровая трансформация и устойчивое развитие
Страницы
20–23
Опубликовано
23.11.2026
Скачать PDF Сборник материалов (PDF)

Аңдатпа

мақалада цифрлық технологиялар дамыған қазіргі қоғамдағы мәдени институттардың рухани даму мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпақтың мәдениетке деген қызығушылығын арттыру қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың мақсаты – мұражайлар, кітапханалар мен театрлардың қоғамдағы маңызын анықтау және олардың қазіргі қызметіне қатысты өзекті мәселелерді зерттеу. Мақалада мәдени институттардың негізгі қызметтері сипатталып, Қазақстандағы олардың қызметіне қатысты статистикалық мәліметтер қарастырылады. Зерттеудің тәжірибелік бөлігінде 109 респондент қатысқан сауалнама жүргізіліп, олардың мәдени мекемелерге деген көзқарасы, қызығушылығы және цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану деңгейі зерттеледі. Сауалнама нәтижелері негізінде мәдени институттардың қоғамдағы маңызын бағалау және олардың қызметін жетілдіру жолдарын анықтау көзделеді. Зерттеу цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәдени мұраға қолжетімділікті арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал ететінін көрсетеді.

Түйін сөздер: мәдени институттар, ұлттық құндылықтар, цифрлық технологиялар, мәдени мұра, мұражай, кітапхана, театр

Как цитировать

Нургазина А.М. Қазақстан қоғамындағы мәдени институттардың рухани даму мен құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі // Материалы международной научно-практической конференции «Наука и образование Центральной Азии: цифровая трансформация и устойчивое развитие» (CASJ-2026). — 2026. — С. 20–23. — URL: https://cajournal.kz/conf-paper.php?id=14

Все доклады конференции