Конференция баяндамасы · Жас зерттеушілер: студенттік секция (бакалавриат, магистратура) · Қазақша
Антенна айналдырғыш тетіктерін CAD жүйесінде жобалау және 3D басып шығару технологиясын қолдану
Аңдатпа
Баяндамада антеннаны басқаруға арналған аппараттық кешеннің механикалық тетіктерін CAD жүйесінде жобалау және оларды FDM технологиясы бойынша 3D басып шығару тәжірибесі қарастырылады. «Талап – параметрлік модель – слайсинг – басып шығару – жинау – сынау» тізбегінен тұратын итерациялық жобалау әдістемесі ұсынылған. Аддитивті өндіріс үшін жобалау (DfAM) ережелері нақтыланды: тетіктердің басып шығару бағдарын таңдау, асылып тұратын беттерді шектеу, отырғызу саңылауларын тағайындау және бұрандалы қосылыстарды жезқұймалар арқылы орындау. Айналдырғыштың негізгі тетіктері үшін басып шығару бағдары мен толтыру тығыздығы негізделді. Параметрлік модельді қолдану конструкцияны әр түрлі антенналарға жылдам бейімдеуге және прототиптеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретіні көрсетілді.
Түйін сөздер: аддитивті өндіріс, DfAM, параметрлік модельдеу, CAD, FDM, PETG, антенна айналдырғыш, червякты беріліс
Дәйексөз келтіру үлгісі
Дәндібай Н.Ә. Антенна айналдырғыш тетіктерін CAD жүйесінде жобалау және 3D басып шығару технологиясын қолдану // «Орталық Азия ғылымы мен білімі: цифрлық трансформация және тұрақты даму» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (CASJ-2026). — 2026. — С. 18–20. — URL: https://cajournal.kz/conf-paper.php?id=4