ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР – ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ – PEDAGOGICAL AND PSYCHOLOGICAL SCIENCES · UDC 376.1:37.015.3 · Қазақша
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың маңызы
Аңдатпа
Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында Блумның жаңартылған таксономиясы негізінде құрылған деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің теориялық негізін Блум таксономиясы және оқушылардың ішкі мотивациясын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәсілдер құрайды. Зерттеу мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) және жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқитын оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылығын, тапсырмаларды өздігінен орындауға ұмтылысын және жетістікке бағытталған мінез-құлық реакцияларын дамытудағы сараланған тапсырмалардың ықпалын бағалау. Осы мақсатта бақылау және эксперименттік топтар қатысатын сегіз апталық эксперимент моделі ұсынылып, бастапқы және қорытынды диагностиканың өлшемдері анықталды. Тапсырмаларды бейімдеу кезінде олардың танымдық күрделілігі, орындалу көлемі, қолдау түрі және оқушының өз бетімен әрекет ету мүмкіндігі ескерілді.
Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, Блум таксономиясы, оқу мотивациясы, ерекше білім беру қажеттіліктері, педагогикалық эксперимент, сараланған тапсырмалар
References
- Қазақстан Республикасының Заңы. Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 26.06.2021. № 56-VII ҚРЗ.
- ҚР Үкіметі. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы. 30.12.2024. № 1143.
- Anderson L. W., Krathwohl D. R. (Eds.). A Taxonomy for Learning, Teaching, and Assessing. Longman, 2001.
- Ryan R. M., Deci E. L. Intrinsic and extrinsic motivation from a self-determination theory perspective // Contemporary Educational Psychology. 2020. Vol. 61. 101860. DOI: 10.1016/j.cedpsych.2020.101860.
- CAST. Universal Design for Learning Guidelines. Version 3.0. 2024. https://udlguidelines.cast.org/
- Zurbriggen C. L. A. et al. Longitudinal and differential effects of differentiated instruction // Learning and Instruction. 2026. Vol. 105. 102431. DOI: 10.1016/j.learninstruc.2026.102431.
How to cite
Бимагамбетова Г.А., Аимбек А.С. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың маңызы // Central Asian Scientific Journal. – 2026. – №4(32), Т. 2. – Б. 850–854.
CC BY 4.0 Open access under the CC BY 4.0 license: you may freely read, copy and share this article, giving credit to the authors and a link to it. About the license