ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР – ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ – PEDAGOGICAL AND PSYCHOLOGICAL SCIENCES · UDC 378.147:004(045) · Қазақша
Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері
Аңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәнін оқыту кезінде туындайтын негізгі мәселелер талданады. Атап айтқанда, студенттердің цифрлық даярлық деңгейіндегі айырмашылықтар, теориялық білімді практикалық міндеттерде қолдану, цифрлық ақпараттың сенімділігін бағалау және жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерді ескере отырып, бастапқы диагностиканы, деңгейлік және кәсіби бағдарланған тапсырмаларды, сондай-ақ қалыптастырушы бағалауды оқу үдерісіне енгізу жолдары сипатталады. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі ретінде 101 респондент қатысқан сауалнама жүргізіліп, студенттердің АКТ пәнін меңгеру ерекшеліктері, оқу үдерісінде кездесетін қиындықтары және оқытуды жетілдіру жөніндегі пікірлері талданды.
Түйін сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жоғары білім, цифрлық құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, оқыту әдістемесі, практикалық дағдылар, жасанды интеллект
References
- Қазақстан Республикасы Үкіметі. Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000248
- Vuorikari R., Kluzer S., Punie Y. DigComp 2.2: The Digital Competence Framework for Citizens – With new examples of knowledge, skills and attitudes. Luxembourg: Publications Office of the European Union, 2022. DOI: https://doi.org/10.2760/115376
- UNESCO. A Global Framework of Reference on Digital Literacy Skills for Indicator 4.4.2. UNESCO Institute for Statistics, 2018. https://unesdoc.unesco.org/in/documentViewer.xhtml?ark=%2Fark%3A%2F48223%2Fpf0000367416%2FPDF%2F367416eng.pdf
- UNESCO. UNESCO’s ICT Competency Framework for Teachers. https://www.unesco.org/en/digital-competencies-skills/ict-cft
How to cite
Анафина А.Е., Анафин Е.Т., Тенгаева А.А. Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері // Central Asian Scientific Journal. – 2026. – №4(32), Т. 2. – Б. 860–868.
CC BY 4.0 Open access under the CC BY 4.0 license: you may freely read, copy and share this article, giving credit to the authors and a link to it. About the license