Conference paper · Natural Sciences, Ecology and Sustainable Development · Қазақша
Көкетаев еңбектеріндегі люминесценция және спектроскопия: физика сабағында қолдану мүмкіндіктері
Аңдатпа
Мақалада қарағандылық физик-ғалым Т.Ә. Көкетаевтың (Көкетай) люминесценция мен спектроскопия саласындағы ғылыми еңбектері шолу ретінде қарастырылады. Ғалымның иондық кристалдардағы рекомбинациялық люминесценция мен радиациялық ақауларды зерттеу нәтижелері 8–9-сынып физика курсының «Жарық құбылыстары», «Атом құрылысы» тақырыптарымен байланыстырылады. Ойын элементтері бар «Ғалым ізімен» сабақ моделі, қарапайым тәжірибелер, есептер мен өлкетанулық материал арқылы оқушылардың оқу мотивациясы мен шығармашылық ойлауын дамыту жолдары ұсынылады.
Түйін сөздер: люминесценция, спектроскопия, фотон, энергия деңгейі, Т.Ә. Көкетаев, ойын технологиясы, оқу мотивациясы
How to cite
Накипбекова Ж.А. Көкетаев еңбектеріндегі люминесценция және спектроскопия: физика сабағында қолдану мүмкіндіктері // Proceedings of the International Scientific and Practical Conference “Science and Education in Central Asia: Digital Transformation and Sustainable Development” (CASJ-2026). — 2026. — P. 49–52. — URL: https://cajournal.kz/conf-paper.php?id=23